Оңтүстік Қазақстандағы Кәсіпкерлер палатасы шетел инвесторларын тартуға атсалысуда

Оңтүстік Қазақстандағы Кәсіпкерлер палатасы шетел инвесторларын тартуға атсалысуда

Оңтүстік Қазақстандағы Кәсіпкерлер палатасы шетел инвесторларын тартуға атсалысуда
ашық дереккөзі
274

Мемлекет басшысының жыл сайынғы инвестиция көлемін 10 миллиард доллардан арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан шетелдік инвестициялар кеңесі құрылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда  50 шақты шетел инвесторлары жұмыс істейді. Аталған кеңес кәсіпкерлердің құқықтарын қорғай отырып, өзге де шетелдік инвесторларды тарту бағытында бірқатар шаруалар атқармақ.

Оңтүстік Қазақстан  облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакировтың айтуынша, бүгінгі таңда палатаның бастамасымен өңірлік даму картасы дайындалу үстінде. Бұл жұмыстар аясында 1 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынып, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдар анықталып жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бағыты бойынша өткен жылы өңірдегі 6 мыңнан астам азаматқа 14,5 мыңға жуық консультациялық қызмет көрсетілген. Ал жобаларды сүйемелдеу нәтижесінде екінші деңгейлі банктер мен микронесиелендіру ұйымдары арқылы 3,402 миллион теңгеге 726 жоба қыржыландырылған.

Ал адами капиталды дамыту бағыты аясында «Дуальды оқытудың жол картасын» енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. Аталған картаға 94 кәсіпорын және 2047 студенттердің қатысуымен 28 колледж енгізілді. Оқу жоспарларындағы практикалық сабақтардың үлесі 60 пайызға артты.

Жалпы айтқанда, екі жыл ішінде Палата бизнестің жүйелі проблемаларын шешуге және бизнес саласын дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Мысалы, электроэнергияға қосудың техникалық шартын алу проблемасын жүйелі шешу үшін Кәсіпкерлер палатасы «Оңтүстік жарық» ЖШС-мен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы ерікті және тапшы қуаттың электронды картасын дайындап, іске қосты. Айта кетейік, бұл карта Казақстан бойынша теңдесі жоқ, жалғыз электронды карта болып табылады. Аталған картаның арқасында бизнестің энергожелілерге қосылудың техникалық шарттары проблемасы шешіліп, ашықтығы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Палатаның жүзеге асырған тағы ірі жобаларының бірі - облыстың барлық ірі фармацевтикалық өнім өндірушілерін біріктірген Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері. Бүгінгі таңда аталған кластер аясында сервис компанияларын (көлік және логистика, GLP халықаралық стандартқа сай дәрілік препараттарды қаптау және сақтау) құру бойынша жоба жұмыстары жүргізілуде және дәрілік заттарды сараптамадан өткізу бойынша зертхана құрылысының жобасы дайындалуда.

Серіктес жаңалықтары