Дидардың кейіпкерлерін уайымдайсың, сағынасың, сырласып сыр айтасың. Іздейсің. Ізденесің. Дидарды оқып отырып бірдеме жазғың келеді.
Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып отырған белгілі жазушы Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» атты тарихи романы өз атына сай дүние дер едік.
Думан әңгімені шебер әрі шымыр жазады. Әсіресе, көргені мен түйгенін көркемдік тұрғыдан қорытуға аса ұста. Ал әңгіме – аса қиын жанр. Әңгіме жаза алған қаламгер әдебиеттің кез келген жанрын еркін игеріп, еркін билеп төстейді. Бұны айтып отырғаным, елге алғашында талантты прозашы ретінде танылған ол кейіннен өте күрделі жанр – драматургияға түрен салды.
ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Мерзімсіз топқа өткізу мүмкіндігі болса да, неліктен кей азаматтарға тексерістен өтіп, мүгедектігін растау қажет?
"Мен төреші болсам да, аренаға Қазақстанның атынан шығамын. Аты-жөнім жазылған бейджикте елімнің атауы KAZ деп жазылып тұрады. Әрі біздің ту бейнеленген. Бізге Олимпиада формасын неге бермеске? Мен ертең Парижде қолыма ілінген киімді киіп шығамын ба сонда?".
Өйткені халқымыздың «уызына жарымаған» деген тұрақты сөз тіркесі тән азығының жетіспегенін ғана білдірмейді, ол сонымен қатар пенденің рухани азықтан құр алақан қалғанын да аңғартады.
Шерхан Мұртазаның өмірбаяндық «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі негізінде қойылған «Ай мен Айша» спектаклі театрдың жаңа ізденістерінің жалғасып жатқанын айғақтайды. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында сахнаға шыққан бұл қойылымға режиссер Т. Жаманқұлов араға бірнеше жылдар салып қайтадан оралды. Ол 2021 жылы спектакльді түбегейлі өңдеп, жаңғыртып, жаңа режиссерлік пайымдаулармен толықтырулар жасады.
"Тұяқберді Шәмеловпен бірге жүрдік, тамылжытып тартатын күйді. Қаршыға Ахмедияров ағамыз күмбірлететін. Ал Рысбай Ғабдиев ағамыз өте мықты күйші еді. Күйді жылдамдатып тартқанның өзінде тыңдаушысына сіңіріп жіберетін ғажап өнерпаз болатын. Ондай қылып күй тартатын адам өте сирек қой. Әсіресе, Құрманғазының «Төремұратын» ол кісідей орындайтын күйші жоқ шығар. Сол сияқты Әзидолла Есқалиев те мықты болды, өзіндік өрнегімен әсерлі орындайтын. Тірлігінде дара туған өнерпаздардың қадіріне жете бермейміз ғой, Әзидолла аға өмірінің соңғы кезінде төсек тартып жатып қалды. Атырауда панел үйдің бірінде тұрды. Сүйегі содан шықты".
Халық, ең алдымен сақтандыру аясында қажет көмекті уақытында ала алмайтынына алаңдаулы.
Жоспар бойынша жаңа пән жаңа оқу жылында оқу бағдарламасына енгізілмек.
Бекзат Тұрапбеков Meta (бұрынғы атауы – Facebook) корпорациясының Лондондағы кеңсесінде жұмыс істейді. Quran.kz мобильді қосымшасының авторы.
«Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, Тілім» деп Мағжан ақын айтқандай, түркілердегі тілдің бірлігі – елдің бірлігіне жеткізе берсе одан артық не бар?!
Көрнекті жазушы Смағұл Елубаев та сонау сексенінші жылдары жарық көрген повесть пен әңгімелері жинағын осылай атағаны («Білте шам жарығы») есімізде. Әрі-беріден соң Бауыржан Жақып та, Смағұл Елубай да тұрмысымызға «Ильич шамы» дендеп ене қоймаған кезеңнің біз сияқты өкілдері ғой.
Елімізде радикалды ағымдарға қарсы жүргізіліп жатқан күрес шаралары қаншалықты тиімді деген мәселе төңірегінде исламтанушы, теолог Асқар Сабдинмен әңгімелескен болатынбыз.
Қазір Ақтөбе қаласында тасқын салдарынан апатты деп танылған үйлерді демонтаждау (сүріп тастау) жұмыстары басталды.
Túrkistan халықаралық газеті еліміздегі белсенді экологтарға блиц-сауал жолдаған болатын.
Қандай мәселелер қаралды? Мемлекет басшылары мен саясаткерлер жолдаған месседждер қандай? Қазақстан төрағалығы қалай қорытындыланды? Бұл бізге не берді және не береді?
Он бір күнге жалғасқан байрақты бәсекеде әлемнің 44 елінен келген 226 шахматшының арасынан суырылып шыққан Қазыбек Қазақстан үшін тарихи нәтижені тіркеді. Олай дейтініміз, бұған дейін Қазақстан шахматшыларынан бұл жетістікке үш шахматшы ғана жеткен.
Кездесу соңында «Отандастар қоры» КеАҚ басшысы Д.Қадыров: «Қазақ-түрік бауырластығы нығая берсін. Түркиядағы қазақ диаспорасы – бауырлас екі ел арасындағы алтын көпірдің берік кепілі», – деп сенім білдірді.
Жиын соңында БАҚ өкілдері ұйымдастырушыларға сұрақ қойып жоба туралы толық мәлімет алды.
Гүлжаһан Орда, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Аягөз гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстанның Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Ал пластик өнімдерді шығаратын зауыттар бір жылда атмосфераны 400 млн тоннаға дейін көмірқышқыл газымен улайды. Осының кесірінен қазір жануарлардың 800-ге жуық түрінің пластикті жеп қоюына және пластикпен улануына байланысты жойылып кету қаупі төніп тұр дейді мамандар.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик
Егіншілікте дрон қолданудың негізгі артықшылығы қандай? Тиімді ме? Елімізде егін өнімділігін агродрон көмегімен арттыра аламыз ба? Дрондар қаншалықты қолжетімді? Басқа елдер оны қалай кәдеге жаратып жатыр?
UCL зерттеушілері мазасыздықтың паркинсон ауруының даму қаупіне қалай әсер ететінін анықтау үшін 2008 жылдан 2018 жылға дейін 50 жастан асқан 988 000-ға жуық пациенттің деректерін зерделеген.
Маскүнемдікті емдеу үшін кешенді көзқарас керек. Оған психологиялық қолдау, әлеуметтік ортадағы өзгерістер, ұзақмерзімді емдеу бағдарламалары және қайтадан ішімдікке салынуды болдырмау стратегиялары кіреді. Сонымен қатар маскүнемдікке шалдыққан адамдарға қолдау көрсету үшін отбасы мен жақындарының рөлі де өте маңызды.
Сол аса қымбат бөгетті салмай-ақ, мұнда су әкелуге болады. Қалай дейсіз ғой? Біздің қалаға кіріп тұрған бұрынғы теңіз аумағы «Арал бухтасы» (қойнауы) деп аталады. Осы жерде Балтық жүйесі бойынша ең төменгі өлшем – 37 метр. Демек, Кіші Арал шетінен мұнда 17 шақырым арна қазылуы керек. Бас жағы жай ғана арна, ал Арал қаласына жақын жері 300-500 метр кеңейтілген жайылма болса болады. Арна тереңдігі 5 метр ғана болуы мүмкін. Сонда теңіз суы өз ағынымен бері келеді.
Айтыс-тартысқа еті үйренген қалам иелері де, күн сайын сенсация оқып үйренген оқырмандар да оған әбден бой үйретіп алғандықтан, дау-дамайсыз жазылған нәрселерге назар аудармайтын болды. Бұл да бір рухани сырқат іспетті нәрсе. Сондықтан «өзгені түгелдеп» болған қазақ баспасөзі енді қазақішілік мәселеге көшіп, бір-бірін жаппай әшкерелеуге көшкен бір кезең болды.
Қарақалпақ жері мен Хиуа қаласына жасаған ғылыми сапарым барысында шайырдың Қусырық қорымындағы мазарына зиярат етіп, ол туралы мәліметтерді жинақтаған едім. Соның бірқатары осы мақалаға өзек болды.
Сәрсенбі күні Президент «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Осылайша, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң мен «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң күшін жойып, олардың негізгі ережелері жаңа заңға енді.
Бүгін басталатын құрлықтық сайыстың басқа бәсі биік жарыстардан бірнеше ерекшелігі бар. Әрі тарихта қалатындай жаңалығы да жоқ емес. Осы ретте аталған чемпионаттың бәрінен өзгеше қылатын деректерге шолу жасағанды жөн көрдік.
Жаңа саланы реттейтін жаңа заң қандай болуы керек? Жалпы, ЖИ реттеуге келе ме? Қандай қиындықтар болуы ықтимал? Реттеу ЖИ-дің дамуына кедергі келтіруі мүмкін бе? Қандай ұсыныстар бар?
Арал қаласынан өткен соң, күре жолмен оңтүстікке қарай 80 шақырымдай жүргенде оң жақта Ақирек тауы мұнарта көрінеді. Жергілікті жұрт тау атағанымен, биік жота деуге лайық сол Ақиректің бөктерінде Түркістан сопыларының пірі атақты Арыстан бабтың бейіті бар.
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті:
Экологиялық тиімділік индексінің 2024 жылғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде жалпы 40,9 балмен 93-орынға жайғасыпты.
Тасқыннан зардап шеккен отбасыларға мемлекет ерекше қолдау көрсетіп жатыр
Олимпиаданы бағындыру – бала кезден бері арманым ғой! Қай боксшыдан сұрасаңыз да, Олимпиаданы бәрінен биік санайды.
Көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін биыл Үкімет 140 млрд теңге бөлді. Бұл кем дегенде 2 млн гектар алқапқа егін салуға мүмкіндік береді.