Төлқұжаттағы есімді өзгертуге, қатені түзетуге дәйекті себеп болса – тартынудың қажеті жоқ дейді мамандар.
Діні, ділі, қаны қазақ бола тұра «Эсма, Мафтуна, Мирада, Диямара, Даниза, Мелек, Ардаби, Хадия, Манзура, Айлин, Мирель, Хайраддин, Аделина, Согдиана, Альфия, Артур, Иран, Ирада, Миранда, Эмили, Динар» – деген бір естігенде қазақ тіліндегі мағынасы түсініксіз есімдерді иемденіп жүргендердің қарасы көп. Сәні мен мәні келіспейтін есімдерге кімді кінәлаймыз?