«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында әрбір қатысушының өзі және жақындары үшін жеке қаржылық жауапкершілігі, қаражат жинау және жоспарлау мәдениеті қалыптастырылады.
Қаржылық тұрғыда сауатты болудың жолы қандай? Қайдан оқып, кімнен үйренген дұрыс? Ақша жинауға генетикалық қабілет қажет пе? Кредитті қандай жағдайда алуға болады? Алуға болмайтын жайттар қандай?