Сейфолла Оспан

Сейфолла Оспан: Тұлғалар халқына еткен еңбегін бұлдамаған
1571
Сейфолла Оспан: Тұлғалар халқына еткен еңбегін бұлдамаған

Сол кезде жұрт га­­­­зеттерге мақала жазғанды қойды. Себебі бас­пасөз баяғыдай қаламақы бермейді. Сол кез­де өндірте мақала жаздым. Тіпті, кей күн­дері екі-үш мақаладан жазған кезім бар. Екі жыл­дың ішінде екі жүзден артық мақала жа­­­зыппын. Ол барлық газетке басылып жат­ты. Кейін «Ара» журналында, «Түркістан» газе­тінде журналист болдым. Обалы не керек, «Түркістанды» ашқан Қалтай Мұхамеджанов ағамыз оны елге пайдалы үлкен газет қылды. «Түр­кістан» атауын біздің елге тән ұғымға ай­налдырды. Алайда сол кезде басылымның ти­ражын көтеру қиындау еді. Газетке не­гізі­нен Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда об­лыстарының оқырмандары зор қолдау көр­сетті. Зейнетке «Түркістан» газетінде істеп жү­ріп шықтым. Сондықтан бүгінде өздерің жұ­мыс істеп жүрген газет – маған өте ыстық, қа­д­ірлі басылым.