Қытайлықтар әлемдегі ең көп оқитын ұлттардың бірі саналады. Ел халқының 80 пайызының бойында тасқа басылған сөзді оқу дағдысы қалыптасқан, ал 36 пайызы күніге кітап, газет-журнал оқып отырады. Алғаш қағаз жасауды, кітап түптеп, газет шығаруды ойлап тапқан халық олай етпесе түсінбей де қалар едік-ау. Енді ше, мұндағы қайсыбір шығармалар осыдан 3 мың жыл бұрын қағаз бетіне таңбаланған.