Шымкентте пойыз астына түспек болған қыз құтқарылды

Шымкентте пойыз астына түспек болған қыз құтқарылды

Шымкентте пойыз астына түспек болған қыз құтқарылды
ашық дереккөзі
413
Шымкент полицейлері пойыз астына түспек болған 17 жастағы қызды құтқарды. Оқиға 26 наурыз күні сағат 18:15-де болған, деп хабарлайды Polisia.kz.   Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулердің орындалуын бақылау барысында алыстан келе жатқан пойыздың рельсіне жатып алған қызды байқайды. Полицейлер ойланбастан 17 жастағы қызды құтқаруға ұмтылған. Полиция қызметкерлері жасөспірімді бөлімшеге жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қыз қателігін түсінді. Осыдан кейін полицейлер оны ата-анасына тапсырды.  

Серіктес жаңалықтары