4376
Мүлдем жеңілмеген қазақстандық Нурмагомедовті нокаутқа түсірді
Исбулаев жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады
Қазақстандық жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride FC турнирінде жеңіл салмақта уақытша чемпиондық титулды иеленді.
Ол жекпе-жекте бұрын жеңілмеген ресейлік Муслим Нурмагомедовты нокаутқа жіберді. Исбулаев жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.
Бұл жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, алайда 27 жастағы Саламат кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, өзінің ММА мансабындағы алтыншы жеңісіне жетті.
Исбулаев барлық жеңістерін мерзімінен бұрын аяқтаған: үш рет нокаутпен және үш рет қарсыластарын берілуге мәжбүрлеген.