Індетке қарсы халықаралық іс-қимыл талқыланды

Індетке қарсы халықаралық іс-қимыл талқыланды

Індетке қарсы халықаралық іс-қимыл талқыланды
ашық дереккөзі
295
Қазақстан Президенті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабар­лай­ды Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео COVID-19 індетінің таралуына қар­­сы күресте халықаралық іс-қи­мыл­дарды үйлестіру мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға қолдау білдіріп, гума­нитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. АҚШ дипломатиясының басшысы В­а­шингтонның пандемияны тезірек ауыз­дықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ықпал­дас­тықты арттыру ниетін нақ­тылады. Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның Орталық Азия елдерін­дегі эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтты. Әңгімелесу барысында Қазақ­стан мен Америка арасындағы сая­си диалогты одан әрі тереңдету жә­не сауда-экономикалық ын­ты­мақ­тастықты нығайту туралы уағ­даластыққа қол жеткізілді. Тараптар Қазақстан мен АҚШ ара­сындағы стратегиялық серік­тес­тікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіп­сіз­дік­ті сақтау мақсатында атқа­ра­тын бірлескен жұмыстарды жал­ғас­тырудың маңыздылығын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары