Қандастар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады

Қандастар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады

Қандастар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады
ашық дереккөзі
489
Қазақстан Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығына байланысты Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысаналы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыз күнгі №110 бұйрығына сәйкес халыққа әлеуметтік төлем тағайындалатыны жайлы айтылды. Бұл процес қазір жүзеге асып та жатыр. Бұл әлеуметтік қолдаудан қандастар да  тыс қалмайды. Тұрғылықты мекен-жайы және ықтиярхаты бар қандастарға да Қазақстан азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Әлеуметтік төлемге ие болатын адамдар 42 500 теңгені алуға аталған бұйрықтың қосымшасы және тармақтарында көрсетілген талаптар бойынша ала алады. Ол үшін әр азамат өзінің жеке сәйестендіру нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс. Кейіннен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталықтары өтінішті тексеріп, шешім қабылдайды.Өтініш беруші өз кезегінде қабылданған шешімді SMS арқылы алады.

Бақыт БЕКОВ

 

Серіктес жаңалықтары