Қырғызстанда 63 дәрігер коронавирус жұқтырған

Қырғызстанда 63 дәрігер коронавирус жұқтырған

Қырғызстанда 63 дәрігер коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
313
Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың 38 жаңа дерегі тіркелді. Осылайша елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 377 адамға жетті. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадемин Қаратаев мәлімдеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы бирфингте  Мадемин Қаратаев COVID-19 жұқтырған 11 пациенттің жағдайы ауыр екенін жеткізді. 6 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін тіркелген 38 науқастың 12-сі – медицина қызметкерлері. Республика бойынша 63 дәрігер коронавирусқа шалдыққан. Соңғы дерек бойынша, Қырғызстанда бес адам вирустан көз жұмды. Індет жұқтырған 54 науқас дертінен айықты. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 880-ге жетті. 81 адам емделіп шықса, 10 адам көз жұмды. Елімізде індет жұқтыру деректерінің саны жөнінен Нұр-Сұлтан (233), Алматы (145) қалалары және Қызылорда облысы (116) алда тұр.

Серіктес жаңалықтары