Әуежайда қайтыс болған Қытай азаматы АДБ қызметкері болып шықты

Әуежайда қайтыс болған Қытай азаматы АДБ қызметкері болып шықты

Әуежайда қайтыс болған Қытай азаматы АДБ қызметкері болып шықты
ашық дереккөзі
245

Елорда әуежайында қайтыс болған қытайлықтың кім екені белгілі болды. 55 жастағы Янг Джинлин Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры болып шықты. Бұл туралы ведомство сайтына сілтеме жасап, Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

Әріптестері Янг Джинлиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. "Ұжымдастары Джинлинді дарынды әрі тәжірибелі басшы ғана емес, жақсы, ашық адам ретінде де еске алады", - деді Азия даму банкінің президенті Такехико Накао.

Бақилық болған қытайлық азамат Янг Джинлин Азия Даму банкінде 2011 жылдан бастап жұмыс істеген. Оның басшылығымен Қазақстан экономикасының секторларында түрлі жоба жүзеге асырылған.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні таңертең Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының денесі табылған болатын. Сот-медициналық сараптамасы арқылы оның миокард инфарктінен қайтыс болғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары