1047
Қызылордада 2 млн теңге пара алған полиция бастығы ұсталды
Ол Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.
Әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Аталмыш ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды», – деп жазылған полиция хабарламасында.