Қазақстанға Польшаның гуманитарлық көмегі жеткізілді

Қазақстанға Польшаның гуманитарлық көмегі жеткізілді

Қазақстанға Польшаның гуманитарлық көмегі жеткізілді
ашық дереккөзі
177
Бүгін Польшадан отандық «SCAT» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен елімізге гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді, деп  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.  Гуманитарлық жүкте «Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскалар (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлері (ноутбуктер) қамтылған. «Поляк елінің Қазақстан үшін жасаған шынайы достық ықыласы COVID-19 пандемиясымен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың көрнекті үлгісі болып табылады. 2020 жылғы 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек жеткізілгені белгілі. Бұған қоса, қытайлық дәрігерлер Қазақстанға өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге келсе, Израиль, Оңтүстік Корея және Жапония дәрігерлері коронавируспен күресу бойынша қазақстандық әріптестерімен онлайн-режимде тәжірибе алмасты», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.  

Серіктес жаңалықтары