Қазақстанда коронавирус инфекциясы шарықтау шегіне қашан жетеді – мамандар болжамы

Қазақстанда коронавирус инфекциясы шарықтау шегіне қашан жетеді – мамандар болжамы

Қазақстанда коронавирус инфекциясы шарықтау шегіне қашан жетеді – мамандар болжамы
ашық дереккөзі
204
Сәуір айының соңында елімізде коронавирус инфекциясы шарықтау шегіне жетуі мүмкін. Мамандардың мұндай болжамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова хабарлады.  «Біздің ғылыми орталықтарымыз дайындаған болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі сәуір айының соңы мамыр айының басына тұспа-тұс келуі мүмкін. Ол кезде шамамен коронавирус жұқтырғандардың саны 2 мыңға жетуі ықтимал», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-дағы онлайн брифингте. Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 979 адамға жетті. Індеттен 110 адам емделіп шықты. 12 науқас қайтыс болды. 

Серіктес жаңалықтары