Алдағы үш тәулікте күн күрт суытады

Алдағы үш тәулікте күн күрт суытады

Алдағы үш тәулікте күн күрт суытады
ашық дереккөзі
203

Синоптиктер 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті. Ауа райын болжаушылардың дерегіне сүйенсек, таяу күндері елімізд күн күрт суытып, тосын мінез танытпақ.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы жылжыған салқын атмосфералық фронттар, еліміздің көптеген облыстарына жауын-шашын, солтүстікке сулы қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарына күшті жауын-шашын алып келеді.

"Атмосфералық фронттардың артынан Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарымен қалыптасқан антициклон жылжып келе жатыр. Осыған байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде температураның төмендеуі күтіледі, түнде 0-5 градус суық, күндіз 0-8 градус жылы, оңтүстік жартысында түнде 0-8 градус жылы, ал күндіз 8-15 градус жылы болады", - дейді метеорологтар. Мамандардың айтуынша, мұндай температура орташа көпжылдық мәнге жақын және кей жерлерде 1-3 градусқа төмен болады дегенді білдіреді.

Серіктес жаңалықтары