620
Президенттік басқару институтына – 30 жыл
Президенттік басқару институтына – 30 жыл
Қазақстанда Президенттік институт осыдан 30 жыл бұрын енгізілді, яғни 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР Президенті лауазымын бекітті. XX ғасырдың 90-жылдарындағы елде қалыптасқан жағдай, әсіресе Кеңес Одағы тараған кездегі нарықтық экономиканы қалыптастыру, қоғамдық қатынастардың барлық саласын жаңа үрдістерге сәйкестендіру, әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды шешу міндеттері жаңа саяси жүйені президенттік басқару формасына басымдық беру арқылы қалыптастыру қажеттігін көрсетті.
- Айта кетсек, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматтары бүкілхалықтық сайлауда тұңғыш рет ел Президентін сайлады. Сол уақыттан бері Президенттік институт Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасымен байланыстырылып келді.
Әсел НАЗАРБЕТОВА,
Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы