COVІD-19: Әлемде індет құрбандарының саны 203 мыңға жуықтады

COVІD-19: Әлемде індет құрбандарының саны 203 мыңға жуықтады

COVІD-19: Әлемде індет құрбандарының саны 203 мыңға жуықтады
ашық дереккөзі
257
Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 2,9 млн адамға жетті. Джонс Хопкинс университетінің ақпарынша, АҚШ-та індетке шалдыққандар қатары 938 мыңнан асқан.  Науқастардың 54 мыңға жуығы көз жұмды. Соңғы тәулікте 2 мыңдай адам қайтыс болған. Ал дүние жүзінде коронавирус құрбандарының саны 203 мыңға таяп қалды. 816,5 мың адам емделіп шықты. Індетке шалдыққандар саны жөнінен Испания екінші орында тұр. Бұл елде 223 мың адам ауруға шалдыққан. COVІD-19 індетін жұқтырғандардың 22 мыңнан астамы көз жұмған. Аурудың таралуы бойынша үшінші орында – Италия. Мұнда 195 мың адамнан коронавирус анықталған. Олардың 26 мыңы қайтыс болды. Солтүстіктегі көршіміз – Ресей індет жұқтырғандар саны ең көп мемлекеттердің алғашқы ондығында. Бұл елде 74,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 700-ге жуығы көз жұмды. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда 2652 адамнан коронавирус анықталды. Кесірлі кеселден 25 отандасымыз көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары