COVID-19: Ресейде бір тәулікте 66 науқас көз жұмды

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 66 науқас көз жұмды

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 66 науқас көз жұмды
ашық дереккөзі
286
Ресейде COVID-19 індетін бір күн ішінде 5 966 адам жұқтырды. Соңғы тәулікте елде коронавирустан 66 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.  Бүгінде Ресейде 74 588 адамнан қатерлі вирус анықталды. Елдегі індет құрбандарының жалпы саны 681-ге жетті. Дертінен емделіп шыққандар саны — 6 250 адам. Айта кетейік, әлем бойынша 2,9 млн адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдыққандардың 203 мыңға жуығы көз жұмды. 816,5 мың адам кеселден айықты. Ал Қазақстанда 2660 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Науқастардың 677-сі емделіп шықты. Елімізде коронавирустан 26 адам қайтыс болды.  

Серіктес жаңалықтары