Қ.Тоқаев: Карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс

Қ.Тоқаев: Карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс

Қ.Тоқаев: Карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс
ашық дереккөзі
348
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт өсіп кетуі мүмкін еcкертті.  "Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін. Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Тіпті, кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық. Сондықтан олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды. Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар", - деді Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айында сақтық шараларын орындаудың маңызына тоқталды. "Осы кезеңнің де асыл мұраты – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі", - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары