Германияда жыл соңына дейін мәдени-бұқаралық шаралар өткізілмейді

Германияда жыл соңына дейін мәдени-бұқаралық шаралар өткізілмейді

Германияда жыл соңына дейін мәдени-бұқаралық шаралар өткізілмейді
ашық дереккөзі
337
Германия коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді. Елде бүгіннен бастап  балалар алаңдары, мұражайлар, шіркеулер және көрмелер ашылады. Алайда ата-аналар балалардың тазалығына жіті мән беріп, көп жиналмауын қадағалуы қажет. Германия үкіметі мектептер мен балабақшаларды ашу мәселесін мамырдың 6-сы күні қарастырмақ. Мейрамхана мен дәмханалардың жұмысын жалғастыру ісі де сол уақытта талқыланады. – Біз балалар алаңдарын, мұражайларды, көрмелерді, шіркеулер мен хайуанаттар бағын ашу туралы шешім қабылдадық. Бірақ вирустың таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды жүзеге асыру әлі де жалғасады. Дертті жұқтырғандар санын азайтуға күш салуымыз қажет. Сондықтан тамыздың аяғына дейін концерт, фестивальдарды өткізуге болмайды, - деді Ангела Меркель. Бүгінде Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 163 мыңнан асты. Індеттен 6632 адам көз жұмды. 118 мыңнан аса адам емделіп шықты.

Серіктес жаңалықтары