12 сәуірден бері халық арасына шықпаған Ким Чен Ын бой көрсетті

12 сәуірден бері халық арасына шықпаған Ким Чен Ын бой көрсетті

12 сәуірден бері халық арасына шықпаған Ким Чен Ын бой көрсетті
ашық дереккөзі
321
Соңғы 20 күнде көпшілік ортадан көрінбеген Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын  бой көрсетті. Жергілікті БАҚ  КХДР көшбасшысы түсірілген бейнероликті жариялады, деп хабарлайды ВВС. Бейнеролик мамырдың 1-і күні Сунчхон қаласындағы тыңайтқыштар шығаратын зауыттың ашу салтанатында түсірілген. Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі Ким Чен Ынның сол шараға қатысқанын алға тартып отыр. Еске сала кетейік,  Солтүстік Корея басшысы 12 сәуірден бері халық арасына шықпаған. Түрлі қауесеттер тарап, дереккөздердің бірі оның жүрегіне ота жасалды десе, екінші бірі дерті асқынып, көз жұмғанын жазды. Алайда ел билігі бұл ақпараттарды жоққа шығарған. Ал жапон журналисі Джиро Исимару КХДР басшысы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жасырынып жатуы мүмкін деген болжам жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары