Құлсарылық азамат жерлестеріне балабақша салып берді

Құлсарылық азамат жерлестеріне балабақша салып берді

Құлсарылық азамат жерлестеріне балабақша салып берді
ашық дереккөзі
306

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді қазақ. Құлсарылық мәрт кәсіпкер жергілікті бүлдіршіндерге 165 орындық балабақша салып берді. Ұрпақ тәрбиесі үшін сауапты іс атқарған азаматты 24.kz тілшілері әңгімеге тартты.  

800 млн теңгеге салынған балабақшаның кілтін мемлекет меншігіне сыйға тартқан кәсіпкер «Отан-Ана алдындағы парызымды осылай өтегім келді», – дейді.Бүлдіршіндерге арнап балабақша салу  Мағауия Мерғалиевтің  бала кезден бергі арманы екен. Анасы Нағима Төлегенова бүкіл ғұмырын балабақшадағы балалардың тәрбиесіне арнаған жан. Сол балабақшада тәлім алған ұлы Мағауия анасына «өскен соң сіздің құрметіңізге арнап балабақша саламын» деп уәде берген екен. Мәрт азамат жылдар өткен соң анасына берген уәдесін, туған жер алдындағы перзенттік парызын орындады.

"Негізгі себепші – бірінші өзімнің анашым. Екінші – осы жердің тұрғылықты азаматтарына істейін деген бір көмегім. Өзім шын көңіліммен беріп жатырмын. Осыны салып бітіргенше сондай қуанышпен жүрдім. Барлығы айтады ғой дүние-мүлік мәңгілік емес деп. Мәңгілік – еліміз, ұрпағымыз. Солар үшін салынған ғимарат, игіліктеріне жарасын", - дейді кәсіпкер.

Заманауи технологиялармен салынған балабақшаның барлық бөлмелері, жатынорын мен асханасы халықаралық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай толық жабдықталған. Арнайы бейнекамералардың көмегімен ата-аналар онлайн-жүйесі арқылы баласының күні бойғы тіршілігін де толық бақылай алады. Жомарт жан ауданның 165 бүлдіршінін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтып қана қоймай, жергілікті 50 тұрғынға тұрақты жұмыс орнын ұсынды.

Серіктес жаңалықтары