1306
Түркістанда ХҚО ашылды
Түркістанда ХҚО ашылды
Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен 4 мамырдан бастап Түркістан қаласында заңды түлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай ХҚО Алматы, Павлодар мен Петропавл қалаларында өз жұмысын бастаған, таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатын болады.
Құжаттарды қабылдау тек алдын ала кезек брондау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, ХҚО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшін ғана жұмыс істейді. Облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн жолмен ала береді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 87% электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, Facebook және Vk әлеуметтік желілерінің чаттары арқылы алуға болатындығын еске саламыз.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайы: Түркістан қ., 160 кв, 236 құрылыс.
Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-17:00 аралығы.