Бүгін – Ақмоланың Астана атанған күні

Бүгін – Ақмоланың Астана атанған күні

Бүгін – Ақмоланың Астана атанған күні
ашық дереккөзі
481
Елбасы көреген көшбасшы ретінде 1998 жылдың 6 мамырында «Ақмоланы Астана деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қояды. Бұл шешім  ел дамуының бетбұрысты кезеңі десек те болады.   Тұңғыш Президенттің астананы көшіру туралы шешімін көпшілік қауым бірден қабылдай қоймағаны да анық. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. Ал ол қазіргі таңда төрт жарым есеге өскен.Сол кездегі небір наразы пікірлердің көптігіне  қарамастан, біз қазір Еуразияның жүрегіне айналған заманауи әсем қаланы көрудеміз. Н.Ә.Назарбаев өз еңбектерінде "Ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы – Астана қаласы" деп келтірген де еді. Дәл осы тарихи шешім жайлы көптеген зерттеушілер мен қаламгерлер қаншама құнды еңбектерді дүниеге әкелді.  Осылайша Ақмоланың Астана деп аталуы - Елорданың қалыптасуындағы тарихи кезеңдердің алды болды. Елбасы Астананы көшіру туралы өз ойын алғаш рет 1994 жылы 6 шілдеде елдің Жоғарғы Кеңесінің сессиясында  ортаға салды, ол қабылданды да. Мамырдың 6-сы жарлыққа қол қойылғаннан соң, жаңа Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда тұңғыш аталып өтті. Елорда - Елбасының стратегиялық ойлауының,  көрегендігінің көрінісі.  Бүгінгі елорда - Еуразияның жүрегі, бейбітшілік пен бірліктің, заманауи технологиялар мен көшпенділердің ежелгі мәдениетін түгел қамтыған шырайлы шаһар. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО шешімімен "әлем қаласы" атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде жедел  қарқынмен дамыған әлемдегі ең жас қалаларға ғана беріледі.  Бразилияда өткізілген арнайы байқауда Астана қаласы барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озады.  Сөйтіп, 16 шілдеде Боливия астанасы Ла-Пас қаласында ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор Астанаға «Бейбітшілік үшін халықаралық қалалар» байқауының жеңімпазы мен куәлігін табыс етті. Содан бері біздің астанамыз «Әлем қаласы» деп аталды. Бас қаламыздың болашақта бұдан да биік белестерден көрінуіне әлі де тыңғылықты жұмыстардың атқарылып жатқандығы даусыз.  

Әсел Жақсыбай

Серіктес жаңалықтары