Еуропа Парламенті мен АҚШ Түркия демократиясын қалай сынға алды?

Еуропа Парламенті мен АҚШ Түркия демократиясын қалай сынға алды?

Еуропа Парламенті мен АҚШ Түркия демократиясын қалай сынға алды?
ашық дереккөзі
198
Еуропа Парламентінің соңғы жылдары жасаған баяндамаларының ішіндегі ең бір сыни әрі қаталы – сірә, Түркияға, Түркияның баспасөзге көрсеткен қысымдарына қатысты болса керек. Бірнеше тәуелсіз басылымның биліктің қолына өтуін «заңға қайшы» деп салмақтаған баяндамада, Түркия демократиясының шатқаяқтағаны туралы баса айтылған.

АҚШ: Медиаға қысым күшеюде

Америка Сыртқы Істер Министрлігінің Адам құқықтары Баяндамасында өткен бір жыл ішінде Түркияда орын алған баспасөзге, адам құқықтарына және сот шешімдеріне қатысты қақтығыстарды атап өткен. Осыдан бірнеше күн бұрын жарияланған баяндаманың 74 беттен тұратын Түркия мемлекетіне арналған бөлімінде 2015 жылы адам құқықтары аяқ асты етілген ең үлкен үш мәселе ретінде сөз бостандығына қатысты кедергілерге, дербес құқылық және соттың әділетсіз шешіміне, «Күрд Жұмысшылар партиясымен» күресте азаматтарды қорғаудың жеткіліксіздігіне назар аударылған. Аталған баяндамада Оңтүстік шығыста қайтадан тұтанған қақтығыстарда үкіметтің азаматтарды жеткілікті деңгейде қорғамағандығы және бұның соңының Күрд Жұмысшылар Партиясы белсенділерінің де, қауіпсіздік күштерінің де азаматтарды жарақаттап, тіпті жазым қылуға дейін ұласқандығы туралы да айтылған. Түркия Заңдарындағы көптеген баптарының үкіметке баспасөз, интернет және басқа да ақпарат құралдарындағы сөз бостандығын шектеу үшін мүмкіндік беріп отырғандығын тілге тиек еткен баяндамада, үкіметтің баспасөзге қысым көрсетіп отырғандығы айтылған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, баяндаманың Түркияға арналған бөлімінде, өткен жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің шамамен 30 шақты журналисті қамауға алғандығы айтылған. «Америка Дауысы» ғаламтор сайтының жасаған хабарына қарағанда, «қауіпсіздік күштері арқылы медиа компанияларына қысым көрсетіліп, қауіпті мазмұнға ие деген желеумен мақалаларынан кінарат іздеулері, террорлық ұйымдармен байланыстары бар деп, сонымен қатар мемлекет басшысы мен басқа да мемлекеттік қызметкерлерге тіл тигізді деген айыппен журналистер мен редакторларға қылмыстық істер ашылып, кейбір ақпарат холдингтерге қарсы шаралар қабылдауы, ақпарат құралдарына жаза қолданулары және интернетке шектеу қоюы» сияқты дәлелдермен келтірілген. page_turkiyede-gazeteci-olmak-gizlenen-gercekler_244687100 Баспасөз және ақпарат құралдарын мемлекет меншігіне айналдырғаны қайта-қайта айтылған баяндамада, өткен жылдың қараша айында өткен сайлаудан бұрын «Коза Ипек» медиа холдингіне көрсетілген әділетсіздік, сол уақытта биліктің қырына іліккен әлгіндей ақпарат құралдарының журналистеріне полиция өкілдерінің қалай күш көрсеткендігі айтылған. Мемлекеттік қызметкерлердің терроризммен күрес заңдарын, оппозициялық саяси партия мүшелерін және Күрд Жұмысшылар Партиясымен байланысы бар деп кінә артылғандарды қамауға алып, оларды ұзақ уақыт бойынша тұтқындап, ұзақ мерзімді сот істерін жүргізгені туралы да баяндалған.

«Р.Эрдоган істі болғанда оның да жанында едік»

Баяндамаға қатысты журналистермен брифинг өткізген Америка Сыртқы Істер Министрінің орынбасары Том Малинновский «(Түркияда) Журналистер мен академиктердің қылмысты деп танылуларына қатысты алаңдаулымыз. Сөз бостандығы саласының керісінше бағытта қалуы бізге ұнамайды. Осы секілді мәселелерді бұрын да, тіпті Р.Эрдоган оппозицияда болған кезінде де үнемі назардан тыс қалдырмайтын едік. Бұдан бұрынғы кездерде Түркия үкіметі Т.Эдоганды жазалағанда да, тіпті АҚШ елшілігі сот ісін қадағалау мақсатында сот отырыстарына да қатысқан болатын» деген.

ЕП: Түркия демократияны қайтадан қолға алуы тиіс

Еуропа Парламенті (ЕП) өткенде ғана Страсбургтағы Бас Кеңсесінде өткен дауыс беру кезінде Түркия Даму Баяндамасын 133 дауыспен мақұлдады. Голландиялық Әлеуметтік Демократ Кати Пири тарапынан жазылған баяндамада сот еркіндігі, баспасөз бостандығы және Күрд мәселелерінде Түркия тарапына қатал сын таққан. «ЕП баяндамаларының ішіндегі қазіргі күнге дейінгі ең қаталы» деп бағаланған баяндамада, Түркиядағы демократия мен құқықтық мемлекеттің іргесі сөгілгенін атап айтқан. Түркияда соңғы жылдары орын алған құқық пен бостандыққа, сөз бостандығы мен баспасөзге жасалған соққылар, оппозициялық күштердің тұншықтырылуы сияқты «кертартпа әрекеттерге алаңдаушылық» білдіретіндіктері жазылған. Тәуелсіз басылымдар мен телеарналардың жедел түрде егелеріне қайтарылуын, мемлекеттік меншікке өтіп кеткен құрылымдардың кері алынуын талап еткен. Қамауға алынған журналистердің бостандыққа шығарылуын талап еткен. Аталған баяндама жалпы отырыста қабылданғаннан кейін, баспасөз отырысын жасаған Голландиялық Әлеуметтік Демократ Кати Пири, «Түркияда сөз бостандығы мен сот тәуелсіздігі сияқты кейбір маңызды салаларда миға да сыймайтын шешімдер орын алды. Бұлар шын мәнінде көңіл құлазытады, біздің жанымыз ашиды» депті. Голландиялық өкіл, өткен сәрсенбідегі Түркияға қатысты мәжілісте Түркиядағы журналистердің қамауға алынғандығы, білім беру саласындағы кейбір қызметкерлердің тұтқындалуы, сөз бостандығы, жалпы құқық және бостандықтар шеңберінде шешімін таппай тұрған өзекті мәселелердің басын аша келе, «Түркия үкіметі демократиялық мемлекет сипатын қалпына келтіруі керек,  демократиялық реформалар жолына қайтадан түссін» деп қайырған сөзін. 237090_3 ЕП баяндамасында, «Түрік үкіметі тәуелсіз баспасөз ұйымдарына жасалынып келген экономикалық және саяси қысымдарға ендігі жерде бір нүкте қоюы тиіс. Баспасөздерге әрі моральдік, әрі физикалық күш көрсеткен әрекеттер, жағылған жалалар мен террормен күрес заңдарының керісінше журналистерге қарсы қолданылуын қатаң сынға аламыз» деген. Мыңнан аса академиктерге тағылған айыптаулардың қисынсыз екендігін жасырмаған әрі сот тәуелсіздігіне де наразық білдірген баяндамада, көптеген прокурор мен сот орындаушыларының орындарынан босатылуын, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің тұтқындалуын, қызметтерінен аластатылуын, «құқық үстемдігі, сот тәуелсіздігі мен бір тараптылығы тұрғысынан» үлкен бір қайшылық әрекеттердің орын алып жатқандығын баса айтқан. ЕП әсіресе, Оңтүстік Шығыста орын алған қақтығыстардың дереу тоқтатылып, бейбітшіліктің қайтадан салтанат құруын, Түркия үкіметінің осы тектес мәселелерді күн тәртібіне алуы керектігіне үндеген.

АНКАРА: Біз үшін баяндаманың мәні жоқ

Еуропа Одағы басшысы Волкан Бозкыр, баяндамада Арменя геноцидіне қатысты пікірлердің толастамағанын айта келе, осы себептен баяндаманың «Мәні жоқ» екендігін, жарамсыз саналатынын және ЕП-не кері қайтарылатынын мәлімдеген.

Н.Мамырбаева

 

Серіктес жаңалықтары