«Өрмекші адам» Алматыдағы 168 метрлік ғимартқа өрмелейді

«Өрмекші адам» Алматыдағы 168 метрлік ғимартқа өрмелейді

«Өрмекші адам» Алматыдағы 168 метрлік ғимартқа өрмелейді
ашық дереккөзі
218
Сәуірдің 23-інде алматылықтар қызықты оқиғаның куәгері болғалы тұр. Осы күні әлемдегі телекоммуникация саласы лидерлерінің бірі Huawei компаниясының шақыруымен елімізге тұңғыш рет әлемге әйгілі «өрмекші адам», небір төбесі көк тіреген зәулім үйлерге өрмелеп шығып, елді таңырқатып жүрген Ален Робер келіп, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы бойындағы Esentai Tower атты биік ғимаратына қалың жұрттың көз алдында өрмелеп шығып, өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдемекші. Биіктігі 168 метр болатын Esentai Tower – темір мен шыныдан жаңа ғасырлық стилде жасалған еліміздегі биік ғимараттардың бірі. Ален Робер 1962 жылы тамыздың жетісінде Францияда дүниеге келген. Биік ғимараттардың қабырғасымен тіке көтеріліп, төбесіне шығумен әуестенген бұл жігіт екінің бірінің жүрегі дауаламайтын билдерингпен тұрақты айналысқалы бері IBM компаниясының бас офисіне (АҚШ), Areva (Франция), Петронас (Куала-Лумпур), Агбар (Испания) мұнараларына, т.с.с. Мәскеудегі Ломоносов атындағы ММУ-дың бас ғимаратына, Mail.Ru Group компаниясы офисінің Skylight мұнарасына, сондай-ақ Дубайдағы биіктігі 828 метрлік әлемдегі ең биік ғимарат – «Бурдж-Халифаға» шыққан. Көптеген елдер астанасындағы түрлі банктердің өте биік бас кеңселерінің тік қабырғасымен қорықпай көтеріліп, жүрекжұтқан адам ретінде танылып, оның бұл саладағы жетістіктері Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген.  

А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары