475
ШОБ өкілдері 160 миллиард теңге көлемінде несие алған
ШОБ өкілдері 160 миллиард теңге көлемінде несие алған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы бойынша елімізде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы қолға алынған болатын.
Бүгінде шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарлама басталған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін банктер арқылы 1 116 шағын және орта бизнес нысаны шамамен 160 млрд теңгеге несие алған. Несие алушылардың ішінен көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басым.
Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 600 миллиард теңге бөлді. Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.