299
Атырауда көпбалалы отбасыларға 119 жалдамалы пәтер сатып алынады
Атырауда көпбалалы отбасыларға 119 жалдамалы пәтер сатып алынады
Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мырзаболатовтың айтуынша, Атырауда көпбалалы отбасылар үшін арендалық 119 пәтер сатылып алынбақ.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – бірегей тұрғын үй саясатын жүзеге асыру. Ағымдағы жылдың төрт айында 1 312 пәтер немесе 152,6 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысын жалғастыру мақсатында аймақта 1 400 га болатын аумақ бөлінді. Көп қабатты 513 тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отыр» деді Нұржан Мырзаболатов.
Қазіргі таңда облыста 24 тұрғын үй құрылысы, яғни 2 258 пәтер салынып жатыр. Оның ішінде жыл аяғына дейін 1 326 пәтер, яғни 10 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Спикердің айтуынша, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Атырауда көп қабатты 128 үй жөндеуден өтті. Тек өткен жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 13 үй жөнделді.
Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30 үйге күрделі жөндеу жасалады.