379
Асқар Мамин мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
Асқар Мамин мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Премьер-Министр Мемлекеттік комиссияның басты міндеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жобасын жаңа редакциясында әзірлеу екенін және Президенттің қарауына биыл 1 тамызға дейін ұсынылуы керек екенін атап өтті.
Құжатта орташа мерзімді кезеңге арналған еліміздің жаңа экономикалық бағытының бағдарлары айқындалатын болады, оның ішінде сыртқы экономикалық конъюнктурадағы өзгерістерді ескерумен экономикада институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуге қатысты түбегейлі жаңа тәсілдер қамтылады.
«Стратегиялық құжат ағымдағы және әлеуетті экономикалық сын-тегеуріндерге жауабымыз болады. Бізге еліміздің бәсекелі артықшылықтарын барынша пайдаланумен Қазақстан экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеп, қабылдау қажет», – деді А. Мамин.
Үкімет басшысы мемлекеттік қолдауды отандық өндірістің әлеуетін көтеруге бағыттау арқылы экономиканың дербестігін арттыру бойынша түбегейлі шараларды қабылаудың, толыққанды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабы ретінде қалыптасуының, экспорттық әлеуетті белсенді түрде арттырудың және құнды қалыптастырудың жаһандық тізбегіне кірігудің, сапалы инвестицияларды таргеттеп тартудың, шағын және орта бизнесті дамытудың, сондай-ақ тіршілік әрекетінің барлық салаларын цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.