401
Сенат Төрағасы АҚШ Елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы АҚШ Елшісімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сенат Төрағасы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған Палатаның жұмысына тоқталып, Мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті.
Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.