339
Ордабасыда көмірден мұнай өндіретін зауыт ашылады
Ордабасыда көмірден мұнай өндіретін зауыт ашылады
Түркістан облысының Ордабасы ауданында әлемде теңдесі жоқ тәсілмен мұнай өнімдері өндіріледі. Түркістан облысында Евро-5 стандартына сай отандық өнім, АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығарылады. Жобаның басты ерекшелігі – бұл өнімдер көмірден өндіріледі.
Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы.
1,5 млрд. теңге инвестиция құйылған жоба аясында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым желісі жүргізіліп, 3 шақырым жерде темір жол тартылған. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев экспериментальды жобаны кеңінен жүзеге асыруды қолға алу керектігін және теңдесі жоқ технологияның қыр-сырын жаппай үйретуді тапсырды. Өнім тек ел көлеміндегі нарыққа ғана емес, ТМД елдеріне де экспортталмақ.