Депутаттар елімізде бэби-бокстар орнату мәселесін талқыламақ

Депутаттар елімізде бэби-бокстар орнату мәселесін талқыламақ

Депутаттар елімізде бэби-бокстар орнату мәселесін талқыламақ
ашық дереккөзі
311

Қазақстан парламенті бэби-бокстар орнату мәселесін қарастырмақ. Мәжілісте тастанды сәбилердің көбейгенін сөз еткен депутат Айқын Қоңыров халық қалаулыларына мәселені шешу жолдарын талқылауды ұсынды, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Мәжіліс депутаты  Айқын Қоңыров жас аналардың қаржылық жағдайға тап болғанда немесе туған-туыстардың сөзіне қалудан қорқып нәрестелерді әжетханаға немесе жол бойына тастап кеткеніне алаңдаушылық білдірді.  Заңгерлердің көкек аналарға жазаны қатайтқаннан еш нәтиже болмайды деген пікірін алға тартқан халық қалаулысы мәселені шешудің басқа жолы іздеуге шақырды.

"Жаза мерзімін ұзарту еш нәтиже бермейді. Адамдар өз балаларын таппастай етіп, тығып кете береді. Мәселе ушығып барады, сондықтан оны талқыға алған жөн", – дейді Қоңыров. Оның айтуынша, бұл мәселенің ең қарапайым шешімі – бэби-бокстар. "Мен бұл мәселе көтеріліп, оны депутаттар қарастырады деп ойлаймын", – дейді депутат.

Халықаралық тәжірибеде  бэби-бокстар шақалақтың аман қалуына үміт сыйлайды. Ал сәбиінен жеріген аналар үшін ол аноним қалуға кепілдік береді. Сондықтан депутаттың бастамасын өскемендік дәрігерлер де қолдап отыр.  "Тірі баланы тастап кету деген сұмдық жағдай. Өкініштісі, соңғы уақытта мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Біз көрші Ресейдегі секілді елімізде бэби-бокстар қоюды ұсынамыз. Неге балалар туған анасының қолынан өлуі тиіс? Ана сәбилерді көрді, құтқарып алды. Ал көрмеген, білмеген жағдайлар қаншама, кім білсін?", – дейді Өскемендегі мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері Гүлнәр Даниярова.

Серіктес жаңалықтары