393
«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 23 мыңнан адам жұмыспен қамтылады
«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 23 мыңнан адам жұмыспен қамтылады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен еңбек берешегін болдырмау, сондай-ақ электрондық еңбек шарттары талқыланды.
2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 28 344 адам жұмыспен қамтылып, 5 миллиард теңге қаржы игерілді. Биылғы жылы бағдарлама аясында 23 566 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Жалпы, жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан 11 410 адамның ішінен 6 217-і, яғни 54,5%-ы жұмыспен қамтылды. Есепті кезеңнің соңына жұмыссыздар саны 9 805 адам, – дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.
Мекемелерден түскен тұрақты жұмыс орындарына 2 344 адам орналастырылды немесе жылдық жоспар 19,5% ғана орындалды. Төмен көрсеткіштер Атырау қаласында 9,8%, Жылыой және Исатай аудандарында 14,8%-ды құрап отыр.