Хоккейден Қазақстан құрамасының экс-капитаны АҚШ қаласының мэрі атанды

Хоккейден Қазақстан құрамасының экс-капитаны АҚШ қаласының мэрі атанды

Хоккейден Қазақстан құрамасының экс-капитаны АҚШ қаласының мэрі атанды
ашық дереккөзі
367
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, "Барыстың" экс-шабуылшысы Брэндон Боченски Гранд-Форкс қаласының мэрі атанды. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Гранд-Форкс АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатында орналасқан. Халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша 51 216 адамды құрайды. Боченски кәсіби мансабы басталғанға дейін Солтүстік Дакота университетінің командасында ойнаған. "Бес ай бойы жұмысқа жүз пайыз беріліп, бар күш-жігеріңді салсаң, әрине, нәтижесін ойлап алаңдайсың.  Қала өзгерістерге дайын деп ойлаймын. Біз үшін ең бастысы қаланы жақсы жағына қарай өзгерту", деп келтіреді Боченскидің сөзін Grand Forks Herald. Боченски — АҚШ тумасы, "Оттава", "Чикаго", "Бостон", "Анахайм", "Нэшвилл" және "Тампа Бэй"  командалары үшін Ұлттық хоккей лигасында ойнаған. 2010 жылы америкалық "Барыс" командасына ауысты, оның құрамында 2010-2017 және 2018-2019 жылдар аралығында бақ сынады. 2014 жылы Боченски Қазақстан азаматтығын қабылдады, 2016 жылы Ресейде хоккейден өткен әлем чемпионатында ұлттық команда құрамында ойнады. "Барыс" пен Қазақстан құрамасының капитаны болды.  

Серіктес жаңалықтары