25381
Астанада Хан шатырдың алдында іш киімін шешкен қыз жауапқа тартылды
Сот шешімімен оған айыппұл салынған
Астана қаласында «Хан Шатыр» алдында іш киімін шешкен қыз жауапқа тартылды.
«Интернетте ұзақ уақыт болмағаннан кейін байланысқа шығып отырмын. Тиісті органдар байланысқа шықты. Мен өз әрекеттерім үшін жауапқа тартылдым», - деді ол.
Алайда бұл видеода нақты қандай шаралар қолданылғаны айтылмады.
Полиция бұған дейін 20 жастағы жас қыз әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлаған болатын. Сот шешімімен оған айыппұл салынған.