ЕҰУ әлемдік рейтингте тағы да ілгеріледі

ЕҰУ әлемдік рейтингте тағы да ілгеріледі

ЕҰУ әлемдік рейтингте  тағы да ілгеріледі
ашық дереккөзі
330
2020 жылғы 10 мау­сы­мында бүкіл әлем университеттерінің ха­лықаралық беделді рейтин­гі­сінің жыл сайынғы нәти­же­лері жарияланды. Еуразия ұлттық университеті 61-орынға көтеріліп, 1 002 үздік шет­елдік университеттің ішінен 357-орынға ие болды. Сонымен қа­тар ЕҰУ алғаш рет әлемдегі жо­ғары оқу орындарының үздік 30 пайызына кірді. Рейтинг 6 критерий бойынша сара­ланған. Оған академиялық беделі, жұмыс берушілер арасын­дағы беделі, дәйексөздер, білім алу­шылардың профессор-оқы­ту­шылармен қарым-қатынасы, шет­елдік оқытушылардың саны жә­не шетелдік білім алушы­лар­дың саны сияқты талаптар енген. Танымалдығын арттыру және ха­лықаралық имиджін нығайту үшін Еуразия ұлттық уни­вер­си­теті академиялық беделді дамыту са­ласында ең жоғары нәтиже көр­сетті. Еуразия ұлттық универ­си­те­тінің ғалымы, Top Springer Author сыйлығының иегері, профессор Рәтбай Мырзақұлов Қазақстан бойынша бір автордың бір жылда импакт-факторы бар журнал­дар­да жарияланған мақалалар саны бойынша абсолюттік рекорд иесі еке­нін айтып өткен жөн. Университеттік екі ғылыми басылым Scopus халықаралық де­ректер базасына кіреді. Бұл ел­дегі және одан тыс жерлердегі жо­ғары оқу орнының ғылыми тар­тымдылығының тікелей көр­сеткіші болып табылады. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің жас ғы­лыми өскіні де отандық ака­де­мия­­лық қоғамдастық ішінде аса та­­нымал. Өйткені білім орда­сы­ның Жас ғалымдар кеңесі рес­пуб­ликалық байқаудың қоры­тын­ды­сы бойынша «Ең үздік жас ға­лым­дар кеңесі» атанды.

Б.Балықбай

Серіктес жаңалықтары