Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықты

Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықты

Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықты
ашық дереккөзі
284

ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотталып, 5 жылға бас бостандығынан айрылған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бүгін бостандыққа шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, экс-әкім мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, бүгін таңғы сағат 9.00-де түзету мекемесінен шыққан. Бауыржан Әбдішев 2015 жылдың 11 желтоқсанында ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабының 3-бөлігі ("Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау"), ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі "Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану" және ҚР Қылмыстық кодексінің 364-бабының 3-бөлігі "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары бойынша экономикалық қылмыс жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда облыстық соттың апелляциялық алқасы 14 наурызда жазаны жеңілдетті, оның мерзімі үш жылға қысқарған еді. Сотталушы түзету мекемесінде 1 жыл 7 ай 25 күн отырды.

Серіктес жаңалықтары