Ресей сынақ алаңы ретінде қолданылған 1,7 млн гектар жерді Қазақстанға қайтарды

Ресей сынақ алаңы ретінде қолданылған 1,7 млн гектар жерді Қазақстанға қайтарды

Ресей сынақ алаңы ретінде қолданылған 1,7 млн гектар жерді Қазақстанға қайтарды
ашық дереккөзі
241

Ресейліктер сынақ полигондары ретінде пайдаланылып келген 1,7 млн гектар жер Қазақстанға қайтарылатын болды. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің кездесуінде белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz.

Министрлердің кездесуінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу аренда аумағынан қолданылмайтын аумақтардың шығарылып, Қазақстан тарапына өтетінін айтқан. «Біз Қазақстанның өтініштерін ескердік. Басты нәтиже ретінде республика аумағында Ресей қорғаныс министрлігі сынақ полигондары үшін жерді жалға алу және пайдалану туралы келісім хаттамаларының күшіне енуін айтуға болады. Біз Қазақстан жаққа қадам жасап, 1,7 млн гектар жер учаскесін арендадан шығардық», - деп атап өтті Сергей Шойгу.

Сонымен қатар,  Ресей Ембі сынақ алаңын да қайтаруға ниетті. «Осы жұмыстың жалғасы ретінде Ембі полигоны бойынша хаттама дайындауға келістік. Осылайша Қазақстанның халық шаруашылығына тағы 300 мың гектардан астам жер қайтарылатын болады», - дейді Ресей қорғаныс министрі. Ведомство басшыларының басқосуында бұдан бөлек өңірлік қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы біріккен жобалар жайы талқыланған.

Серіктес жаңалықтары