Рио Олимпиадасына қатысатын ауыр атлеттердің есімдері белгілі болды

Рио Олимпиадасына қатысатын ауыр атлеттердің есімдері белгілі болды

Рио Олимпиадасына қатысатын ауыр атлеттердің есімдері белгілі болды
ашық дереккөзі
207

Талдықорған қаласында  Ауыр атлетика бойынша өткен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Рио Олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайтын атлеттердің есімі белгілі болды.

Жалпы командалық есепте ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірінші орынды Алматы облысының спортшылары алды. «Күмісті» ШҚО өкілі иеленсе, үшінші орын қарағандылықтардың еншісінде.

Чемпионат қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни ауыр атлетикадан Олимпиада құрамасының бастапқы құрамын жариялады: "Осы жылдың басында Қазақстан чемпионатында іріктеліп, шамамен құрамамыздың саны белгілі болатынын айтқанмын. Содан кейін Олимпиадалық командаға әйелдер санын алтыға, ерлерді сегізге дейін қысқартамыз. Екі қосалқы  спортшыны ескерсек, барлығы 14 адам. Кейіннен осы спортшылар Олимпиадалық ойындарға дайындалатын болады. Олардың қалай таңдалғаны ашық әрі түсінікті. Жарыс басында әлемдік рейтингтегі спортшылар, олардың жеке бапкерлері, басшылық, баспасөзді қарап саралаймыз. Соған сәйкес біз спортшыларды іріктейміз", - деді ол.

Рио Олимпиадасына баратын қазақстандық атлеттердің тізімі төмендегідей:

Әйелдер:

Елисеева Маргарита (48 келіге дейін)

Чиншанло Зульфия (53  келіге дейін)

Горичева Карина (63 келіге дейін)

Манеза Майя (63 келіге дейін)

Жаппарқұл Жазира (69 келіге дейін)

Подобедова Светлана (75 келіге дейін)

Ерлер:

Чонтей Арли (56 келіге дейін)

Харки Фархад (62 келіге дейін)

Рахимов Нижат (77 келіге дейін)

Павлов Кирилл (77 келіге дейін)

Уланов Денис (85 келіге дейін)

Ильин Илья (105 келіге дейін)

Зайчиков Александр (105 келіге дейін)

Әбубәкіров Селимхан (105 келіден жоғары)

Серіктес жаңалықтары