381
Биыл 32 білім беру нысанында құрылыс жұмысы жүргізіледі
Биыл 32 білім беру нысанында құрылыс жұмысы жүргізіледі
Биыл Алматы облысында 32 білім беру нысанының, атап айтқанда 24 жалпы білім беретін мектептің, 1 өнер мектебінің, 4 студенттерге арналған жатақхананың құрылысы және 3 балабақшада қайта жаңарту жұмысы жүргізіледі.
Жалпы 3 ауысымда оқытуды болдырмау үшін 17 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде биылғы жылы 10 500 оқушыға арналған 10 мектептің құрылысы аяқталады, қалған 7-еуі 2021 жылға өтті. Сондай-ақ 16 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Ескі мектептер мәселесін шешу үшін Қарасай ауданы Әйтей ауылында 1 200 орындық орта мектеп салынып, пайдалануға берілді, оған 3,4 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде, оған жергілікті бюджеттен 657,5 млн. теңге қарастырылды. Панфилов ауданы Аққұдық ауылында 120 орындық орта мектептің құрылысы жалғасуда, осы мақсатқа бюджеттен 831,1 млн.теңге бөлінген болатын, бұл - құрылысы 2021 жылы да жалғасатын нысан.
Сонымен қатар, бейімделген мектептердің проблемаларын шешу үшін 57 мектеп құрылысының 5 жылдық қадамдық жоспары әзірленді. 2019 жылғы жоспарға сәйкес 3 мектептің құрылысы басталды, бұл жұмыстар биыл аяқталады. Сонымен қатар, 12 мектептің құрылысына ЖСҚ әзірленуде, бұл нысандардың құрылысы 2020-2023 жылдарға жоспарланған.
Облыста 55 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – 42 мектеп, 5 балабақша, 2 колледж, 1 ОӨК, сондай-ақ 5 мектептің аумағын абаттандыру. Бұл мақсатқа бюджеттен 23,9 млрд. теңге бөлінді, оның 21,5 млрд. теңгесі – республикалық бюджеттен, 2,4 млрд. теңгесі – жергілікті бюджеттен.
Бұдан басқа, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 10 объектіге (8 мектеп, 1 балабақша, 1 ОӨК) күрделі жөндеу жүргізілуде, 4,9 млрд.теңге (РБ - 4,5 млрд. теңге, ЖБ – 451, 842 млн. теңге), ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 37 білім беру нысанына (2 балабақша, 28 мектеп, 2 колледж және 5 мектептің аумақтарын абаттандыру) 16,9 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша 1,4 млрд. теңге сомасына 354 білім беру нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 348 мектеп дәретханаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тағы бір маңызды мәселе – студенттік жатақханалар салу. «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» аясында Алматы облысында ЖОО мен 8 колледжге арналған 1718 орындық 9 жатақхана салу жоспарланған. Биылғы жылы 818 орындық 4 жатақхана салынады, оған облыстық бюджеттен 4,4 млрд. теңге бөлінді. 2021-2022 жылдары облыстың колледждері үшін 900 орындық 5 жатақхана салу жоспарланып, оған 16,0 млн. теңге бөлінді.
Облыс бойынша аяқталған оқу жылында мектебі жоқ 69 елді мекенде 4 200-ден астам оқушыны күн сайын тасымалдау ұйымдастырылды. Тасымалдауды 61 автобус жүзеге асырады. Биыл жергілікті бюджеттен тағы 70 заманауи автобус сатып алу үшін 933 млн. теңге бөлінді.