COVID-19: Германиялық компания вакцинаны адамдарға сынауды бастады

COVID-19: Германиялық компания вакцинаны адамдарға сынауды бастады

COVID-19: Германиялық компания вакцинаны адамдарға сынауды бастады
ашық дереккөзі
321
Германиялық CureVac биотехнологиялық компаниясы індетіне қарсы екпені адамдарға сынауға кірісті.  CureVac – Германиядағы коронавирусқа қарсы екпені адамдарға сынауды бастаған екінші компания. Сынақ жұмыстарына Германия мен Бельгиядан 144 азамат қатыспақ. Мамандар тағы 24 адамға плацебо, яғни дәрісіз екпе жасауды көзделіп отыр. Сынақтың алғашқы нәтижесі қыркүйек-қазан айында дайын болуы тиіс. Осыдан кейін екпені тексерудің екінші және үшінші кезеңі жүзеге асырылады. Егер екпе өз тиімділігін көрсетсе, 2021 жылдың ортасына таман жаппай қолданысқа енуі мүмкін. Айта кетейік,вакцина әзірлеуші елдер қатарына Қазақстан да қосылған. Жуырда Жамбылда вакцина шығаратын зауыт құрылысы басталғанын хабарлағанбыз. Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары