Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтілді
ашық дереккөзі
161
Ақмола облысының бас санитары Айнагүл Мусина бүгіннен бастап Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілгенін мәлімдеді. 24 маусымнан бастап облыс бойынша іс-шаралар, форумдар, көрмелер, конференциялар, семинар, симпозиумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі уақытша тоқтайды. Сондай-ақ пациенттерді стационарларға жоспарлы жатқызу, скринингтер және профилактикалық тексеру тоқтатылды. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, интернат үлгісіндегі карантин және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау режимі енгізілді.

Серіктес жаңалықтары