Қандастарды құжаттандыру мәселесі жеңілдетілді

Қандастарды құжаттандыру мәселесі жеңілдетілді

Қандастарды құжаттандыру мәселесі жеңілдетілді
ашық дереккөзі
406
Қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайлы министр халыққа есеп беру кездесуінде айтты. «Ұлтаралық қатынас саласының үлкен бір бөлігі – шетелдегі қазақтар мен елге оралған қандастар мәселесі. Бұл бағыттағы барлық сұрақтарды шешу үшін қазір «Отандастар» қорымен бірлесе отырып, бірқатар жобаларды қолға алдық. Өздеріңіз білесіздер, Үкімет тарапынан бекітілген «2018-2022 жылдарға арналған этникалық қазақтарды қолдау жоспары» бар. Оның аясында шетелдегі қазақтардың қатысуымен көптеген мәдени-гуманитарлық ғана емес, бизнес іс-шаралар да өткізіліп отырады», - деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде. Министрдің айтуынша, елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіп, «бір терезе» қағидасы енгізіліп отыр. Осының нәтижесінде қазір қандастар 5-6 мемлекеттік мекемені аралап табан тоздырмай, барлық шаруасын бір жерден шешетін болады. Оларға қажетті құжаттардың саны да екі есеге ықшамдалып, рәсімдеу уақыты 6 айдан 3 айға қысқарған.

Серіктес жаңалықтары