Жұмыспен қамтудың жол картасы: 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жұмыспен қамтудың жол картасы: 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жұмыспен қамтудың жол картасы: 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
ашық дереккөзі
273
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 6 107 жобаны іске асыру басталып, олар бойынша  130,6 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы орындар іске асыру үшін 6 506 жобаны іріктеп алды.
ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді: – әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 703 жоба); – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 039 жоба); – инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 799 жоба); – елді мекендерді абаттандыру (965 жоба). ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілетін болады. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс. Өңірлерде 6 107 жоба бойынша жұмыс басталды, 130,6 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 71,3 мың адам жұмысқа орналасты. ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады. Бұдан бұрын хабарлағандай, ЖҚЖК іске асырудың айтарлықтай оң әсері сезілмек. Мысалы, 80 жаңа білім беру объектісінің құрылысы апатты және үш ауысымды мектептердің мәселелерін шешуге, ауылдық жерлерде білім беру орындарына қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ 7 мыңға жуық мұғалімді тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 24 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділікті арттырады, сондай-ақ шамамен 1 мың медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. 36 мәдениет және спорт нысанының құрылысы бұқаралық спортты дамытуға оң әсер етіп, жастар үшін бос уақыт мәселесін шешуге және 1,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, су шаруашылығының 12 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту халық үшін ауыз судың қолжетімділігін арттырады, суармалы жерлердің көлемін кеңейтуге, пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тартуға, аралас салаларда 77 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 247 жаңа объектісін салу және қолданыстағыларын жаңғырту тұрғын үй құрылысы үшін жағдай жасайды, ауыл тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, коммуналдық желінің тозуын төмендетеді. Елдімекендерді абаттандыру олардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіз және жайлы демалысы үшін жағдай жасайды.  

Серіктес жаңалықтары