Мағауия Сарбасов: Әлем қазақтарының сын-ескертпелері ескерусіз қалмайды

Мағауия Сарбасов: Әлем қазақтарының сын-ескертпелері ескерусіз қалмайды

Мағауия Сарбасов: Әлем қазақтарының сын-ескертпелері ескерусіз қалмайды
ашық дереккөзі
1161
РЕДАКЦИЯДАН: Газетіміздің  2 шілде күнгі №26-санында шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен өткен онлайн конференцияның жазба нұсқасын жариялаған болатынбыз. Онлайн конференцияға Түркиядан тарихшы ғалым Әбдуақап Қара, Даниядан экономист Әкбар Аюби, Өзбекстаннан педагог Қарлығаш Жақсыбаева және Қытай елінен көшіп келген ауыл шаруашылығының маманы Шәмелхан Бұқатханұлы қатарлы қандастарымыз қатысқан еді. Олар қазіргі қөші-қон саласы және «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстары жайлы  өз пікірлерімен қатар ұсыныстарын да айтқан-ды. Атап айтқанда, Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдуақап Қара мырза шетелдегі қазақ диас­порасын қолдау саясатының кемшін түсіп жатқанын айта келе, «Осы орайда диаспора саясатын мықты белгілеуде ең маңыздысы Қазақстанда қазақ диас­порасын зерттеу орталығы болу керек. Қай елде қанша қазақ тұрады, олардың жас мөлшері, сауаттылық деңгейі, кәсібі, мамандықтары сияқты әр елдегі қазақтардың ерек-шеліктерін зерттеп білетін мамандар болуы керек» деген ұсынысын айтты. Сонымен қатар даниялық қандасымыз Акбар Аюби: «Отандастар қоры» мен Дүние­жүзі қазақтарының қауымдастығы ат­қар­ған жұмыстарымен енді танысып жа­тыр­мыз. Дейтұрғанмен мемлекеттік деңгейде рухани-мәдени қарым-қатынасты нығайту үшін атқарылып жатқан іс-шаралар көп бол­ғанымен, нәтижесі анау айтқандай емес. Еуропадағы қазақтар мәдени орталық құрып, Қазақстанмен байланыс жасаймыз деген мақсат бар еді. Ол жүзеге асқан жоқ. Жос­парлар көп. Бірақ айтарлықтай іс өнген жоқ», – деген сыни пікірімен қатар «шет­елдегі қазақ­тілді ақпарат құралдары жайлы айт­сақ, Еуропада бұл жағы кемшін. Ал ата­жұрттағы БАҚ-пен байланыс бар. Қазір ин­тернет заманы. Бірақ сол ақпаратты тұты­натын жастар азайып бара жатқаны алаң­датады. Бұл – «Отандастар қорының» қол­дауын қажет ететін ең маңызды сала», – деген ұсынысын да атап өтті. Осы орайда, «Отандастар қоры» вице-пре­зиденті Мағауия Сарбасов мырза кон­ференцияда көтерілген мәселелер мен ұсы­ныстарға қатысты қор тарапынан ар­найы жауап берген еді. Мағауия САРБАСОВ: – Халықаралық «Түркістан» газетінің Аtajurt жобасы бетіндегі қандастар жайында  жарияланып тұратын  әр материалды жіті қадағалап, көтерілген мәселе мен сауалдарға «Отандастар қоры» тиісті сала бойынша дер ке­зінде жауап беруге тырысып келеміз. Оған газет оқырманы және қандастарымыз да куә. Бұл жолы елордасының мерейлі мере­кесіне орай, шетелдегі қандастары­мызбен ұйымдастырылған онлайн конференцияда айтылған пікірлер мен ұсыныстарға жауап бере кетуді жөн санадық. Елбасының тапсырмасымен құрылған «Отандастар қоры» және Елбасының өзі бас­­қаратын Дүниежүзі қазақтарының қауы­м­дастығы сынды екі ұжым қазір бір­лесе жұмыс атқарып келеміз. Қандастар мәселесі жайлы айтылған сын-пікірлерді қашанда назардан тыс қал­дырмаймыз. Ондай пікірлерді біз «сын» емес, шетелдегі ағайынды қолдауға бағыт­тал­ған жұмыстарды жетілдіру бойынша ай­тыл­ған «ұсыныс» деп қабылдадық. Сон­дық­тан аталған онлайн әңгіме барысында  қан­дастарымыз сыни пікір айтып, кейбір кем­шін тұстарды атап өткені бізді қуан­та­ды. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүр­гізілген көші-қон саясатын қолдап, биіктен бағалаған пікірлермен қатар, ата­жұртқа деген сағыныш және ақжарма тілек­терін де оқып тебірендік. Сонымен бірге, шетелдегі қазақ диаспорасын қолдау және зерттеу орталығын ашу, шетелден жастарды тарту, шетелдегі қазақтілді ақпарат құрал­дарымен байланыс орнату, оларды қолдау және кейбір жоспарлы жұмыстардың ке­шеуілдеп жатқаны жайлы сыни пікір және ұсы­ныстар айтылыпты. Бұл жөнінде тоқ­талып өтпес бұрын, қазіргі атқарылып жат­қан бірқатар елеулі істер мен тарихи қа­дам­дарға сәл шегініс жасайық. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері сырт­тағы бауырларды ешқашан естен шығарған емес. Өздеріңіз білесіздер, осынау тәуел­сіз­дік жылдарынан бері еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен «Нұрлы көш» бағдар­ла­масының кешенді құжаттары қабылданып, соның нәтижесінде 1 млн 57 мың қан­да­сымыз атамекенге көшіп келді. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі қазақ­тарды қолдауды ерекше назарда ұстап отыр. Президент тапсырмасымен 2019 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық бай­ланыстарды дамыту жөніндегі ве­домст­воара­лық комиссия құрылды. Комиссия төра­ғасы – Қазақстан Премьер-Министрі­нің орынбасары Ералы Тоғжанов. Комис­сия­ның құрамына Президент Әкімшілігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас про­кура­тураның өкілдері, орталық мемле­кеттік органдардың бірінші басшыларының орын­басарлары және өзім де аталған комис­сияның мүшесімін. Комиссияның отырысында шетелдегі қандастарды мемлекеттік қолдау саясатын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жә­не мемлекеттік органдардың өзара тиім­ді іс-қимыл мәселелері, шетелдегі қа­зақ­тарды және ерікті қоныс аударуды қолдау жөніндегі іс-шаралар жобасы және қан­дастарға «бір терезе» қағидаты негізінде мем­лекеттік қызмет көрсету барысындағы биз­нес-процестерді оңтайландырудың жайы қаралды. Менің ойымша, бұған дейін шетелдегі ағайынның мәселелері осындай үлкен деңгейде қаралған жоқ. Қазір еліміз сырт­тағы қандастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Себебі шетелдегі қазақтарға тарихи Отаны қаншалықты маңызды бол­са, еліміз үшін этникалық қазақтардың маңы­зы одан да зор. Ал енді жоғарыда айталған ұсыныстар мен пікірлерге жеке-жеке тоқталып өткесек. Кейбір жоспарлы жұмыстардың ке­шеуілдеп жатқаны  әлемдік пандемияға байланысты екені баршаға мәлім. Бірақ біз пан­демияға қарамастан, шетелдегі қан­дастармен онлайн байланысты нығайтып отырмыз. Елімізде карантин жариялан­ғаннан бері көптеген онлайн байланыстар жасалды. Зерттеу орталықтарына тоқталсақ. Қа­зақ­стан тәуелсіздік алғалы әлемдік жаһан­дану үрдісіне сәйкес ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, демографиялық ахуалды сауық­тыруға және елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған өзіндік көші-қон саясатын жүргізіп келеді. Шетелдегі қандастарды қолдау – қазақ қоғамы үшін өзекті мәселелердің бірі. Осы ретте, «Отандастар қоры» КЕАҚ 2019 жылдан бастап қандас ағайынға көмек көрсету, елге қайтару практикасы, мем­лекеттік бағдарламалар мен диаспоралық саясатты түсіндіру мақсатында этнобіре­гейлікті дамытуға бағытталған талдамалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жалпы, Қазақстанның диаспоралық сая­сатында келесі бағыттар көзделген. Этникалық қазақтарды Қазақстанға қай­тару­ – репатриация саласындағы мәсе­л­е­лер­ді реттеу,  шетелде тұратын отан­дас­тарды қолдау және т.б. Ал тарихшы ғалым Әбдуақап Қара мыр­заның шетелдегі қазақ диаспора саясатын қолдау және зерттеу орталығын ашу қажет деген ұсынысы ерекше. Алайда қазіргі «Отандастар қоры» мен Дүинежүзі қазақ­тарының қауымдастығы дәл осы жұмысты жүзеге асырып келеді. Оның дәлелі ретінде мәдениет бағытында да шетелдегі қазақ диаспораларымен тұрақты түрде жұмыс істеді. Бүгінгі күні әлемдегі барлық ұлттық мәдени орталықтармен байланыс орна­тылды. Олардың саны 250-ге жуық және тек 2019 жылы олар мәдени-гуманитарлық, іскерлік, білім бағытындағы 3 мыңға жуық, ал 2020 жылдың бірінші жартысында 100-ден астам (барлық мемлекеттердегі каран­тин режиміне орай іс-шаралар саны азай­ды) іс-шара өткізді. Осы мәдени орта­лық­тардың 57-сімен ыңтымақтастық туралы меморандум жасалды. «Абай үйі» жобасы шетелдегі қазақ ұлт­тық мәдени орталықтарын бірыңғай желіге біріктіру, мәдени мұраны танымал ету, таяу және алыс шетелде қазақ диас­порасымен іскерлік және гуманитарлық бай­ланыс­тар­ды дамыту, нығайту, шетелде қазақстандық бизнесті немесе алыстағы ағайынның кә­сібін Қазақстанда ұйымдас­тыруға жәрдем беру. Бұл жоба арқылы мәдени-гуманитар­лық, білім беру блогы бойынша жұмыс­тар­ды қамту, іскерлік бағыт бойынша шетелде қа­зақ бизнесін ілгерілету және шетелдік қа­зақ­тар арқылы Қазақстанға инвестиция тарту. Бұл мәселе бойынша нақты жұмыс­тар­ды атап өтсек:
  1. Шетелде тұратын этникалық қазақ­тар арасындағы тілдік жағдай жөнінде сараптамалық шолу дайындау үшін сауал­нама жүргізілуде;
  2. Шетелде тұратын этникалық қазақ­тар үшін «Киелі Қазақстан» бойынша елі­міз­дің киелі жерлеріне экскурсиялар өт­кізу;
  3. Шетелдегі қазақ диаспорасы өкіл­дері­нің сапындағы оқушылар арасында шы­ғар­машылық байқау өткізу жоспар­лануда;
  4. Қандастарымызға білім алу мүмкін­дігін оңтайландыру мақсатында БҒМ Ко­мис­сиясына енді;
  5. БҒМ, МСМ-мен жыл сайын шетелге жі­берілетін кітаптар легіне өзгертулер ен­гізуде;
  6. Қазақстандағы ЖОО-лармен Акаде­миялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдегі қандастарымыздың Қазақстанға келіп тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастыруда жұмыстар атқарылуда.
Шетелдегі қазақтілді ақпарат құрал­дары­мен байланыс орнату және оларды қолдау бойынша конкурстар өткізу және елімізде жыл сайын өтетін журналистік марапаттауларға іліктіру мәселесімен ай­налысып жатырмыз. Бұл бойынша Atajurt деген бірлестік құрып, соның аясында шет­елдегі қазақтілді БАҚ-ты бір орталыққа топ­тастыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету, «Жас қазақ» жастар клубы негізінде шетелдегі қазақ жастары ұйымдарын бір желіге біріктіру секілді шаралар әлдеқашан қолға алынды. Шетелден жастарды тарту бойынша айтар болсақ, біз шетелдегі қандастарды әл­бетте тек білім жолымен елге шақыра ала­мыз. Ол бойынша өткен жылы алғаш рет стипендиялық бағдарлама құрылды. 12 мем­­лекеттің 23 қаласынан онлайн түрде оқытатын  31 қазақ сыныбы ашылды. Қазақ ті­лін 4 тілде оқытатын оқулық жасалды. Жал­­пы, Қазақстанға келіп білім алатын қан­­­­дастарымыздың саны 2019 жылы 20 000-нан асты. Қазір кандастарға арналған білім сала­сы бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде айрықша атап өтерлігі – ЖОО-на дайындайтын дайындық бөлімінің жұмыстары. Бұл жоба бойынша елге келген жастар білім алып, мамандық иесі атанған соң, елде қалып жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде демографиялық ахуал, жұмыс күші, маман тапшылығы секілді мәселе өз өзінен жойылып отыр. Сондықтан жас­тарды тарту мәселесі бұрыннан бар, бұл мәселе жыл сайын жетілдіріліп келеді. Бұрын дайындық бөлімдеріне 1 000 грант бөлінсе, қазір 1 300-ге жетті. Көші-қон мәселесі бойынша әрине, Көші-қон басқармасы жауапты. Алайда қан­дастарымызды тағы бір қуантарлық жаңа­лық – көшіп келген қандастар құжа­тын «Бір терезе» қағидатына сәйкес оңтайландыру жобасы бойынша, талап етілетін құжаттар санын 46-дан 20-ға, қызмет көрсету мерзімін 6 айдан 3 айға, өтініштер санын 10-нан 5-ке дейін (қысқамерзімді перс­пективада), ал одан әрі 2-ге дейін (ұзақ­мер­зімді перспективада) қысқартылды. Сөз түйіні Кейбір сараптамалық деректерге қарағанда, алыс және жақын шетел­дерде 7-8 млн қазақ тұрады. 2019 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесінде, Қазақстанға 1,5 млн этникалық қазақ тұрақты тұруға қоныс аударғысы келеді. Бұған қоса, сарапшы мамандардың пікірінше, қазіргі кезде Қытай еліндегі этникалық азшылықтарға қатысты саяси ахуал түзелген жағдайда, 800 мың этникалық қазақ құжаттарын түгендеп, Қазақстанға көшуге дайын отыр. Ал елге көшіп келген ағайынға көмек ретінде, қазақстандық қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу үшін «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың басты мақсаты – елге оралған қандастардың қоғамға бейімделу процесін барынша жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жедел еңсеру, туындаған мәселелер бойынша қандастарымызға жан-жақты көмек беру және мәселелердің шешілуін соңына дейін бақылауда ұстау. Айта берсек, атқарылып жатқан және атқарылуға тиісті жұмыстар баршылық. Бірақ біз жоғарыда қандастардың ұсынысы мен сұрауларына ғана тоқ­талып өттік. Осылайша, газет тілшісі жіберген сауалына қанағаттанарлық жауап қайтарылды деп есептеймін. Көтерілген мәселені жауапты орынға жол­дап, дер кезінде тиісті жауабын сұрап, мәселенің шешілуіне атсалысып отырған халықаралық Turkistan газетінің редакциясы және журналистері шетелдегі қандастармен байланыс орнатып қана қоймай, көші-қон саласындағы қабылданған шешімдердің орындалуын тұрақты назарға алуы басылымның редакциялық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетеді.  

Серіктес жаңалықтары