258
Түркістан қаласында 1,5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады
Түркістан қаласында 1,5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады
Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 7 қабатты 24 тұрғын (92,2 мың ш.м, 1 452 пәтер) үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде: кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға (450 пәтер), кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлеге кредиттік тұрғын үй (1 002 пәтер) тапсыру жоспарланған.
Сонымен қатар облыс орталығында көшелер мен демалыс орындарын көбейтіп, көгалдандыру жұмыстары қарқынды орын алуда. Қалада 32 сектор бойынша көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Аудан, қала және басқарма басшылары жауапты барлық аумақтарда 250 мың ағаш көшеті мен бұталар отырғызылды.
«Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 97,9 га аумаққа 42 068 дана ағаш егілді. «Қашқари» демалыс орнында 200 түрлі ағаштар мен бұталы гүлді өсімдіктер отырғызылған. Қазіргі кезде Түркістан қаласының 19 көшесінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары іске асуда. Сонымен бірге, әл-Фараби мен Қазыбек би, Н.Төреқұлов көшесінде саябақ пен скверлер орнатылуда. Алдағы уақытта қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, жалпы ұзындығы 111950 шаршы метр аумақ шілде айының соңына дейін көгалданатын болады.