488
Қандасымыз "Лашын" дәрежесін алды
Қандасымыз "Лашын" дәрежесін алды
Моңғолияның Төв аймағында Ұлы Моңғол ұлысының 814 жыл және Халық революсиясына 99 жыл толуына орай ұлттық "наадам" мерекесін тойлады. Мерекеде моңғол ұлттық күресінен 512 балуын сүш сынасты. Бұл балуан бәсекесіне Бая-Өлкедегі қазақ балуандарын да бағын сынады. Айтулы додада дзюдо, қазақ күресі және моңғол ұлттық күресі түрлерінің шебері, қандасымыз Мұстафа Нұрланұлы бес балуанның жауырынын жер иіскетіп, мемлекеттік "Лашын" атанды.
Лашын тегеуірінді әрі күшті құстың бірі. Бес жыққан балуан "Лашын" балуан атанса, ал одан ары мемлекеттік "қаршыға", "піл", "қыран, "Арыстан" және Жеңімпаз балуан атағы беріледі.
Моңғол күресінің атақ дәрежелері аудандық (сумын), аймақтық, және мемлекеттік деңгейде жоғарлай береді. Ол атақ жылына бір рет тойланатын "наадам" мерекесінде ғана беріледі. ("Қазақстан барысы" турниері сияқты.)
Мемлекеттік атақ алу үшін бес рет жығу керек. Алдымен мемлекеттік атақтарға жету үшін ұлттық күресте аймақтық, аудандық тойларда жеңіп, осы дәрежелерді алу керек. Бұл күрес Ұлы Моңғол ұлысы яғни Шыңғыс хан заманында қалыптасқан. Ат ойыны, соғыс өнері және балуандар күн сынады. Бұл салтты қазіргі Моңғолия елі үзбей жалғастырып келеді.
Моңғолияның Бай-Өлке аймағынан Қазақстан және Моңғолияның спорт қайраткері, мемлекеттік қаршыға, даңқты болуан Бақыт Одынайұлынан кейін Серік Бердімұратұлы және Мұстафа Нұрланұлы қатарлы балуандар моңғол ұлттық күресінде үлкен дәрежеге қол жеткізіп отыр. Моңғолияда мемлекеттік дәрежеде атақ алу - Олимпияда жүлдегері болумен бара-бар. Және ол балуандар сол дәрежесіне сай зейнетке шығады.