1 тамыздан бастап Ресейде халықаралық әуе рейстері жанданады

1 тамыздан бастап Ресейде халықаралық әуе рейстері жанданады

1 тамыздан бастап Ресейде халықаралық әуе рейстері жанданады
ашық дереккөзі
229
Ресей 1 тамыздан бастап халықаралық әуе рейстерін жандандырады. Бұл туралы премьер-министр Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «Халықаралық әуе рейстерін жандандыру туралы шешім қабылданды, соған қарамастан біз эпидемиологиялық жағдайды, ауру көрсеткіштерін басты назарда ұстаймыз», - деді Үкімет басшысы министрлер кабинетінің отырысында. Премьер-министрдің айтуынша, 1 тамыздан бастап Мәскеу, Мәскеу облысы, Дондағы Ростов пен Санкт-Петербург әуежайларынан халықаралық рейстер іске қосылады. Айта кетейік, Ресейде соңғы тәулікте 5811 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 800 мыңнан асты. Қатерлі вирустан 13 046 науқас көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары