Ұлттық бірыңғай тестілеу тұңғыш рет онлайн өтті

Ұлттық бірыңғай тестілеу тұңғыш рет онлайн өтті

Ұлттық бірыңғай тестілеу тұңғыш рет онлайн өтті
ашық дереккөзі
334
Биыл тұғыш рет 733 қандас талапкер ҰБТ онлайн тапсырды. «Отандастар қоры» жұқпалы індет салдарынан шетелден келе алмай қалған жастардың өтініші бойынша осыдан үш ай бұрын ҰБТ онлайн өткізу бастамасын көтерген болатын. Білім және ғылым және Сыртқы істер министрліктерінің, Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен ҚР аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында шетелдегі қандас жастарға ҰБТ-ны онлайн өткізу туралы шешім қабылданды. «Білім және ғылым министрлігі тарапынан талапкерлерді ұлттық біріңғай тестілеуге даярлайтын дайындық бөліміне 2018-2019 жылы – 992, 2019-2020 жылы – 1300, 2020-2021 жылға 1300 орын бөлінген. Жыл сайынғы қандастарды қабылдауға арналған квота 2%-дан, 4%-ға өсті. 2020 жылы ҰБТ тапсыруға 2025 қандасымыздан өтініш түсті. Қандас талапкер жастардың басым бөлігі ел ішінде ҰБТ тапсырды. Елге келе алмаған қандас талапкерлердің онлайн тест тапсыруына атсалысқан барша мамандардың қызметіне ризашылығымды білдіремін», – дейді «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.  width= Еске саламыз, Құрметті Қытай, Моңғолия және Өзбекстандағы қандастар!
Онлайн тапсырған ҰБТ нәтижелерін https://certificate.testcenter.kz/ сайтынан ЖСН, ТЖК енгізіп біле аласыздар.
Содан кейін ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясына конкурсқа қатысу үшін құжаттарыңызды тапсыру қажет. Контактілері келесі сілтемеден жүктеп алуға болады http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=2059
Егер Сіз 2020 жылғы 19 шілдеде өткізілген онлайн тестілеу барысының бейнежазбасын Ұлттық тестілеу орталығына жібермесеңіз – нәтижеңіз шықпайды. Тестілеу нәтижесі тек бейнежазба қаралғаннан кейін ғана жарамды. Бейнежазба Ұлттық тестілеу орталығының nct-kt@mail.ru поштасына жіберілмеген жағдайда, тестілеу нәтижесі жойылатын болады.
 

Серіктес жаңалықтары